Еңбекші ауданында пробациялық есепке тіркелген азаматтар қоғамдық жұмысқа жегілген. Олар күніне 4 сағат уақытын, көше тазалығымен өткізіп жүр.. Бүгінде аудан бойынша 18 азамат шаһардың көгал аймақтарын қоқыстан арылтып, талдарды әктеп жүр.

Қоғамдық  жұмысқа жегілгендер қатарында Игорь Лесниченока бар. Ол ұрлық жасау бойынша жазасын өтеп жатыр. Екі жылдан бері қоғамдық жұмысқа тартылған. 2025 жылдың қыркүйегінде жаза өтеу уақыты аяқталатынын айтады.  

Игорь Лесниченко, жазасын өтеуші
- Мен қылмыстық кодекстің 188 бабы яғни ұрлық жасау бойынша сотталғанымын. Сот үкімімен үш жылға жаза алдым. Сондай-ақ 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегілдім.  Қазіргі таңда Еңбекші ауданы бойынша көгал аймақтарды қоқыстан арылтып, шөп қырқып жатырмыз. Бес күн қоғамдық жұмыспен айналыссақ, аптасына екі рет тіркеліп тұрамыз.  Беймезгіл уақытта  үйден шықпауымыз керек.

 Есепте тұрған азаматтар пробация қызметіне айына 2-рет, тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік пунктіне айына 1-рет барып тұруы міндетті. Сондай-ақ күніне 4 сағат қоғамдық жұмысқа араласады. Мәселен Еңбекші ауданында пробациялық есепте тұрған 18 азамат тазалық жұмысымен айналысып жүр.

Айта өтейік, жыл басынан пробациялық есепке 300 ге жуық азамат тіркелсе оның 15-і әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар. Оларға орталық мамандары жұмысқа орналасуға жәрдем береді.