«Оқушы – ұстаз - ата-ана» - үштік одақ ынтымақтастығы».  Дәл осы тақырып аясында қаламыздағы Сұңқар мектеп – гимназиясында ашық есік күні өтті. Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана мен ұстаз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды көздеген мектеп ұжымы шара барысында түрлі тақырыпта ашық сабақтар өткізді. Дәрістерге ата-аналар қатысып өз ойларын ортаға салды.

Әр сыныпта өткен ашық сабақта алдымен бала тәрбиесі тоқталған ұстаздар қауымы, олардың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, жан – жақты білім алуына  ата - ана мен ұстаздың ықпалы жайында сөз қозғады. Осы орайда, ата-аналарда өз ойларын ортаға салып, ортақ мәміленің бала болашағы үшін маңызды екенін тілге тиек етті.

 Білім ошағындағы түрлі шаралар мен тың бастамалар ата-аналар кеңесінің елегінен өтіп, қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Олардың өтініштері мен ұсыныстарын әркез ескерусіз қалдырмауға тырысатынын жеткізген білім ұясының басшысы кіреберіске арнайы жәшікте орнатыпты. Мұндағы әрбір хат ұжым талқысына түсіп отырады екен. Тіпті, ол жасырын түрде жазылса да.   

 Оқушылардың жан-жақты болып өсуіне мұнда барлық жағдай жасалған. Білім ұясында қосымша үйірмелер мен спорт секциялары, робототехника, би, домбыра үйірмелері бар. Бүгінгі таңда білім ошағында 700 жуық бала білім алуда.