Кибер қылмыс өршіп, интернет алаяқтары көбейіп барады. Шымкентте ғаламтор арқылы жасалатын қылмыстық факт 2022 жылы 1200 ден асса, 2023 жылы 900 ге жуықтаған. Ал ағымдағы жылдың алғашқы үш айында 152 факті тіркеліп отыр. Құқық қорғау органдары жүйелі түрде күрес жүргізгенмен, алаяқтардың белсенділігі әлі де толастар емес. 
Қанат Жолдасбек, тілші
 - Қаламызда соңғы 3 айдың ішінде 200 ге  жуық Шымкенттік интернет алаяқтарының құрығына түсіп, қақпанына шырмалмаған. Йә, интернет алаяқтарынан қорғану жолдарын құқық қорғау органдары да, біз де айтуындай айттық. Бірақ, нәтиже төмендер емес. Өзгенің қалтасына қол салатындармен қалай күресуге болады? Алаяқты анықтап, жолын кесу мүмкін бе? Маман мәлімдесін.
Алишер Айсаев, Шымкент Қаласы ПД Криминалды Полиция басқармасының Кибер қылмысқа қарсы күрес бөлімінің жедел өкілі
- 2023 жылы бізде 991 интернет алаяқтық қылмыс тіркелді. 2022 жылмен салыстырғанда.. 1161 интернет алаяқтық тіркелген. Сонымен қарасақ қазір статистика азайып тұр. Былтыр бізде 2023 жылдың қорытындысымен 302 алаяқтық іс ашылып сотқа жолданды. Жалпы келтірілген залал 850 млн-нан асып тұр.

Сабира Амангелді - ғаламтор алаяқтарының құрбаны. Бойжеткен, тауарын сату үшін онлайн сауда алаңына жүгініп, жарнама орналастырған. Арам ниеттілер сүт пісірім уақытта-ақ хабарласып, сатып алатынын айтады. Өзге қаладан хабарласып тұрмын деген алаяқ, қаржыны банк картасына аударамын деп сендірген. Тауарының бірден кеткеніне қуанған ол, бөгде адамға жеке мәліметтерін жайып салған. Кесірінен, есеп шотындағы барлық ақшасынан айырылып отыр.

Сабира Амангелді, қала тұрғыны
– Сіз маған реквезит жіберіңіз өзіңіздің шотыңыздың, мен сізге төлеймін. Менде аударыммен болмай тұр ревезиитке, арнайы шотыңызға аударам деп айтқаннан кейін менде бірден тастай салған болатынмын.» - 00:43, 01:41- «Және сол шоттың реквезиттерін жібергеннен кейін жаңағы адам менің шотыма кіріп бүкіл ақшамды жымқырып кеткен.

Соңғы бес жылда интернет алаяқтары жауыннан кейінгі саңырауқұлақша қаптап, он есеге артқан. Статистикаға сүйенсек,  аяқтықтың 37% тап осы ғаламторда іске асады. Шымкентте тіпті асқынып тұр. Күн сайын ақшасының ауа ұшқанына налитындардан құқық қорғау органдарына 20 дан аса арыз-шағым келіп түседі.
Алишер Айсаев, Шымкент Қаласы ПД Криминалды Полиция басқармасының Кибер қылмысқа қарсы күрес бөлімінің жедел өкілі
 – Егер сізге банк қызметкерлері немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері атап өздерін хабарласса, дереу телефонды сөндіру керек. Себеі, банк қызметкерлері, құқық қорғау қызметкерлері сөйтіп сізге хабарласып, ешқашан мазаңызды алмайды. Олар егер осындай проблемаңыз болса, банк офиске келіп менеджерге жолығыңыз деп айтады.

Алаяқтардың айласы көп. Бірі банк атын жамылып, бірі ұтыс ұттың деп хабарласады. Мұндайда, жеке мәліметтерді ұсынуға асықпаңыз. Әуелі, хабарласушының ресми құжаттарын сұрап, алаяқ еместігіне көз жеткізіңіз - дейді заңгер.
 Ербол Қожабеков, заңгер
- Заңды біз оқуымыз керек. Заңды білім болса, біз алаяқтардың түрлерін анықтай аламыз. Ал заңды білім болмаса біз кез-келген адамға алданыпжүре береміз. Одан кейін сіздер тарапынан.. Телевидение болсын,интернет болсын қазір жастарымыз көбірек қолданатын.Ол жақта да мысалы заңды кеңестер беріп тұрады. Осы тақырыптарды көріп тұрса, біздің халық алаяқтарды анықтай бастайды.