Қала мектептері күзетсіз қалмайды. Оқу жылының ортасында орын алған келеңсіз жағдай оң шешімін тапқан. Қазір білім басқармасы күзет мекемелерімен келіссөзді күшейткен. Осы жылғы олқылықтың орнын толтыру мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған.

 Шымкентте 150 мектеп болса, соның 147-сі күзетсіз қалған-ды. Білім басқармасы тиісті келісімшарттың мерзімін ұзарту арқылы мәселені уақытша шешіп отыр. Ал келер жылға жоспар ауқымды.

Даудың басы төлемнің төмендігінен туындағанын жақсы білетін білім басқармасындағылар қазір бағаны да көтерген. Сондай-ақ, күзетшілердің физикалық белсенділі мен жеке қорғау құралдарының болуы да шартта міндеттелген.

Білім ұясындағы әрбір бүлдіршіннің өмірі мен қауіпсіздігі мамандардың жіті бақылауында. Қала мектептеріндегі 8 мыңнан астам бейнебақылау камерасының жартысы жедел басқару орталығына интеграцияланған.