Париж олимпиадасының басталуына 100 күн уақыт қалды. Осыған байланысты олимпиадаға қатысатын спортшыларды қолдау мақсатында түрлі 3с-шаралар ұйымдастырылып жатыр.  Соның бірі - Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтті. Олимп ойындарына қатысқан бокстан әлем чемпионы шымкенттік Біржан Жақыпов пен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Жазира Жаппарқұл келіп, жас спортшылармен кездесті.

Бүгінде Шымкент қаласының 5 спортшысы биылдың басты спорт додасы - Париж олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды.
Олар оқ ату шебері Никита Чирукин , боксшы Сабырхан Махмұд. Таэквандошы Самирхан Абабакиров және семсерлесу шеберлері Эмир
Алимжанов пен Ерлік Сертайлар олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды. Бұдан басқа бес құрлықтың ең талантты саңлақтары Қазақстанның
намысын қорғау үшін мегаполис қаламыздың бірқатар спортшылары, балуандар, көркем гимнасшылар мен садақ ату шеберлері, оқ атушылар,
құзға өрмелеушілер лицензия үшін бар күш-жігерлерін ортаға салады. Еске сала кетсек, биылғы кезекті жазғы олимпиада ойындары
Францияның астанасы Париж қаласында 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан ұлттық құрама командасының намысын
қорғайтын отандастарымыз бүгінде халықаралық деңгейде оқу жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы орынбасары Ермек Дәрменовтің бастамасымен даңқты
спортшылар волейболдан өтіп жатқан қала Кубогінің ашылуна қатысты. Басқосуда Ермек Дәрменов екі командаға допты ойынға қосып беру
мүмкіндігіне ие болды. Талантты волейболшыларға сәттілік тілеп, шаршы алаңда талай талантты саңлақтардың тұсауы кесілетіндігне сенім
білдірді.


Илияс Жолдас