Жүрек орталығы – Қазақстанның ең мықты клиникаларының ішіндегі көшбасшысы. Қантамырларына стенд қою бойынша Республикада тең келері жоқ. Жалпы кіші инвазивті оталардың жылына 5 мыңға жуық  түрі жасалады. Олар қандай операция? Жалпы, ел медицинасына қандай үлес қосып жатыр?

Жүрек орталығында қантамырларға стенд қоятын 2300-ден аса ота жасалады. Дәл қазіргі таңда Республиканың басқа клиникаларында мұндай көлемде осындай операциялар әзірге жасалмайды. Жаңа медициналық технологияларды меңгеру де жолға қойылып келеді. Мәселен, жүрек ақаулары кезінде жасанды қақпақша орнату, аортаға стенд қою сияқты түрлі жаңалықтар ашылған.

 Орталық дәрігерлері науқастардың жағдайына мұқият қарайды. Олармен сөйлесу, моральді тұрғыда қолдау да өте маңызды. Әсіресе, жүрегінде ақауы бар жандар үшін аса керек фактор осы.

Жүрек орталығы ангиографиялық зертхананың бөлімшесінде 8 дәрігер жұмыс істейді. Олар ұдайы тәжірибесін арттырып, дәлелденген медицинаныі жетістігінен хабардар болып отырады. 1 дәрігердің өзі шамамен жылына 700-800 жасайды.