Шәкірттер үшін ақжолтай ақпар. Леңгір қаласындағы №8 колледжде көптен күткен спорт алаңшасы ашылды. Аумағы ат шаптырым жерді алып жатқан нысанның лентасын аудан әкімі Төлеген Телғараев пен мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров қиды. Бұл күні білім ордасының ұжымы оқу ұясының материалдық техникалық базасынан хабар беретін көрме ұйымдастырып, қонақтардың жоғары бағасына ие болды.

 Төлебидегі №8 колледждің тарихы тереңде. Биыл құрылғанына 82 жыл. Білім ордасының соғыс жылдары елге механизатор, дәнекерлеуші және ағаш ұстасы сынды жұмысшы мамандары қажет болған тұста іргесі қаланды. Ол -1942 жыл еді. Содан бері бұл білім ордасы талай талантты тұлғаларды қиыға қанат қақтырды.

Колледжде 7 түрлі мамандық бойынша 700-ден астам шәкірт білім алып жүр. Аулада ұйымдастырылған көрмеге колледждің көрнекті һәм көздің жауын алатын бұйымдары қойылды. Бұлар -  студенттердің қолынан шыққан дүниелер. Ұлағатты ұжымның игілікті ісіне аудан әкімі Төлеген Телғараев жоғары баға берді.

Биыл білім ордасының оқу бағдарламасына екі жаңа мамандық қосылды. Олар: ІТ және құрылыс. Шәкірттердің жетістігі ұшан-теңіз. Халықаралық Ворлдскилс байқауында топ жарып жүр. Ал, оқу ордасының ауласынан еңсе тіктеген спорт нысаны 6 соттық жерге орналасқан. Енді шәкірттер осы аулада денесін шынықтырады.
ИНТЕРШУМ: Лента қиылып жатыр
КСМ: Колледж ғимараты ескі. Соған қарамастан бұл ұжым қолдағы барды ұқсатып, өзгелермен иық тірестіріп келеді. Аудан әкіміне бізге тігін цехы қажет деп, бұйымтай айтқан колледж ұжымына жергілікті билік былай жауап берді.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай да шараның сыйлы қонағы. Халық қалаулысы білім ордасының күрделі жөндеуіне қаржы бөлінетінін айтып, қуантты.

 Өзгелердің қолы жете алмай жүрген спорт саңлақтары да осында. Тіпті, әлем чемпионатынан чемпион атанған шәкірттер бар. Бүгінгі шарада солардың бір парасы алғыс хатпен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Қолөнер шеберлері мен темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойған ұсталар да осында. Мұны бүгінгі шарадан анық аңғардық. Өнерпаздардың өнері де көшлікті сүйсінтті. Жетіген, домбыра мен қобыз үні жиналғандардың жүрек қылын тербеді.

 Басты мақсат ғылым мен білімді ұштастырып, жас ұрпаққа сапалы ілім үйрету. Табиғи апат талай жұртты тәубесіне келтірді. Тап қазір бізге қолынан іс келетін жұмысшы мамандары ауадай қажет. Ал, осы жолда уақытпен санаспай, үлкен ізденімпаздық танытқан ұжымның бүгінгі шарасы өзгелерге үлгі боларлық іс деуге келеді.