«Жас құтқарушылар» өзара үздіктерді анықтады. Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар басқармасы аудан мектептеріндегі жас құтқарушы клубтары арасында сайыс ұйымдастырды. Оған қарым-қабілеттерін және барынша дайындықтарын көрсете білген әр мектептен 10 команда іріктеп алынған. Додаға қатысушылар түрлі кедергілерді бағындырып, өрт сөндіру қағидаларын көрсетті. Кіл мықтылары арнайы марапатқа ие болды.

 Нұрлан Пайзов6 тілші
- Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің өткізіп жатқан жас құтқарушылар сайысына аудандағы 10  мектептен командалар қатысып, жарыстың 8 түрі бойынша бақ сынасты. Жауаптылар мұндай сайыс өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде қалай әрекет етуді және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсетуге үйретеді дейді.

Диас Момынқұл жас құтқарушылар клубының мүшесі. Ол мұндай ауқымды сайысқа алғаш рет қатысып отыр. Мектеп қабырғасында жүріп өрт сөндіруге қарсы іс-қимылды жетік меңгерген. Бойда жігер болса, кез келген асуды бағындыруға болады дейді.

 Құтқарушылар клубы қаланың жүзге жуық мектебінде бар.  Еңбекші ауданындағы сайыс №63 жалпы орта білім беретін мектепте өтті. Жарысқа 10 команда қатысты. Әр командада 7 адамнан бар. Шарты бойынша бір қызбала болуы міндеттелген.

 Кіл мықтыны анықтайтын сайыста бірінші орынды №63 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы жеңіп алды. Ал екінші орын иегері 68 мектеп болса, үшінші орын №96-шы білім ұясына бұйырды. Айта өтейік жас құтқарушылар сайысын Қаратау ауданы төтенше жағдайлар басқармасы да ұйымдастырған болатын.