«Таза Қазақстан» науқанының «Киелі мекен» атты екінші апталығында Шымкенттіктер белсенділік танытып жатыр. Милионды шаһардаың 5 ауданындағы Кесенелер мен Ескерткіштердің аулалары абаттандырылып, тазалық жұмыстары қарқынды жүруде. Оған түрлі сала өкілдері мен еріктілер, қалың бұқара қатысып, өз үлестерін қосып жатыр.

Киелі мекен апталығын Еңбекші ауданының тұрғындары Тұрар Рысқұлов гүлзары аумағын абаттандырудан бастады. Тазалық жұмыстарына түрлі еңбек ұжымдары атсалысуда. Олар арнайы техниканың көмегімен ескерткішті жуып, талдардың түбін ақтап, аумақты күл қоқыстан тазартты.

Жалпы ауданды абаттандыру жұмыстарын  Интеко ЖШС атқарады. Қазіргі таңда орталық магистралды көшелерді жуып , аялдамаларды ретке келтіру жұмыстарына 250-ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылған. Оған қоса қала тұрғындары да өз аулаларын тазартып атсалысуда.

 Сайрам елді мекеніндегі Киелі мекен саналатын «Қарашаш ана» кесенесінің аумағын абаттандыруға келгендердің қарасы көп. Бәрі бірдей тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосып жүр. Бірі газон қырқумен айналысса, енді бірі орындықтарды бояп жүр.

Экологиялық акцияға еріктілер де атсалысуда. Жастар игі шараның басы қасында жүріп, әрлеу гүлдендіру, бояу жұмыстарын жүргізуде.

 Науқаннан ардагер ақсалдар тыс қалмады. Киелі мекенге келіп тазалық жұмыстарына қатысып, атсалысып жүр.

 Киелі мекен апталығы аясында кесене, ескерткіштер мен қатар мазараттар аумағы да тазаланады дейді мамандар. Айта кетейік, экологиялық акция әр түрлі атаумен, өзіндік мән мағынасымен мамыр айына дейін жалғасын табады.