Қазақтың көне заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрі өте көп. Бізге оның отыздан астам түрі мәлім. Соның ішінде қазақтың қасиетті қара домбырасының орны бөлек. Бүгінде жастар арасында ұлттық аспапқа деген қызығушылық артқан.

Қасиетті қара домбыраны тіпті қазақтың өзімен салыстырады. «Екі шектің бірін қатты, Бірін сәл-сәл кем бұра.Нағыз қазақ,қазақ емес,нағыз қазақ домбыра деп ақын жырлағандай домбыра қазақ хадқының  қасиетті құралы саналған. Бүгінде жасөспірімдер арасында домбыра үйренуге қызығушылық артқан,осылай дейді мамандар.

16 жасар Игілікай Сәкенұлы 9 жасынан домбыра тартуға қызығушылығы артқан. Айтуынша  ұлттық аспапты  жүрегі қазақ деп соққан әрбір адам  шерте білуі қажет дейді.

Десе де  ұлттық өнерге деген сый-құрмет артсадағы  мамандар домбыраның қандай аспап екенін білмейтін жандардың бар екендігін айтып ашынады. Осы мақсатта Шымкенттің көше бойларында, сауда орталықтарының маңайы мен саябақтарында  «Домбыра пати», «Домбыра думан бастаңғы» сынды мәдени кештер жиі  ұйымдастырылып келеді.

Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуанышта да, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Олар домбыраның сыңғырлаған үнімен халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Ал домбырада ойнау өнері мен күйлері ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып отырған.