Шымкентте оқушылар арасында ерекше олимпиада өтті. Қалаға шалғай орналасқан елді-мекендердегі мектеп оқушылары математикадан бақ сынады. Байқауды Білім басқармасына қарасты «Дарын» орталығы жергілікті мәслихат депутатының қолдауымен бірігіп өткізді.

Математиктердің бәсекесі мегополистің шеткері елді-мекені Бадам-2 тұрғын алабындағы №97 жалпы орта мектептің базасында өтті. Қалаға шалғай орналасқан мектептердің 5-6 сынып оқушылары өңірлік олимпиадада бағын сынады. Соның қатарында Жұлдыз тұрғыналабындағы №94 жалпы орта мектебінің оқушысы 11 жастағы Әлинұр да бар.  

Қалалық олимпиада екі кезеңнен тұрады. Оқушылар қабілет-қарымын сынайды. Олимпиаданың негізгі мақсаттары қалаға шалғай орналасқан елдімекендерде тұратын балалардың академиялық қабілетін анықтау. Сонымен бірге дарынды балаларды анықтап, оларға  қолдау көрсету дейді, - ұйымдастырушылар.

«АМАНАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында білім сапасын одан әрі арттыру жолы қарастырылған. Жоба аясында орта мектептерде зиялы ұрпақ тәрбиелеу ісі мен академиялық қабілетті балаларды қолдау жұмысы жалғасады. Аталған олимпиада жеңімпаздары қалалық мәслихат депутаты Байкен Аширбаевтың демеушілігімен қаржылай сыйақыға ие болады. Шымкент қаласы «Дарын орталығының» дипломдарымен марапатталады.