Түркістанда тағы бір зауыт ашылуы мүмкін. Қазіргі таңда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды отандық инвесторлармен кездесіп, өңірде өндіріс зауыттарын зауыт ашу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Инвесторламен кездесі барысында бірқатар жаңа жобалаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

 Дархан Сатыбалды «ЕвразияТранзитГрупп» серіктестігі Байқау кеңесінің құрылтайшысы және Төрағасы, «Қазмехлитпром» ЖШС-ң өкілі Серік Уалиевпен кездесті. Бұл компания Түркістан облысының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін арнайы ашылған. «Қазмехлитпром» көлік-экспедиторлық қызметтер көрсетеді және Қазақстан мен ТМД елдерінің бүкіл аумағы бойынша жүк тасымалдайтын вагон-цистерналар мен вагондар ұсынады.

Серік Уәлиев, «Қазмехлитпром» ЖШС өкілі
- Біз бұл нишада 2004 жылдан бері жұмыс жасаймыз. Түркі әлемінің алтын бесігі – қасиетті де киелі мекенде еңбек етіп, Түркістанның дамуына үлес қосудың біз үшін рухани маңыздылығы зор. Жаңа бастаманы абыроймен атқаруға, елге қызмет етуге келіп отырмыз. Жобамыз жүзеге асқан соң, оны әрі қарай кеңейтуді көздейміз. Бұл бағытта қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамыз.

Жоспар жүзеге асқанда жаңа кәсіпорын 20 гектар аймақта орналасады.  Онда вагон бөлшектері, тау-кен, металлургия кешені үшін, құрылыс және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығарылмақ. Тараптар Түркістандағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыт ашу бойынша бастаманы жан-жақты пысықтады. Отандық инвестор бұл мақсатта 20 млн АҚШ долларынан астам қаражат құюға дайын. Жобаның қуаттылығы жыл сайын артпақ. Ауысымына 200 тонна болат құятын зауытта 100-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Өз кезегінде Дархан Сатыбалды Түркістан өңірі еңбек ресурсына бай, халқы өте еңбекқор екенін атап өтті.  Мұнда ауа райы қолайлы. Кәсіпкерлер үшін инвестклимат қалыптасқан. Облыс басшысы Түркістанды түлетуге үлес қосып жатқан кәсіпкерлерге барынша жағдай жасалатынын да айтты.