Бүгін – халықаралық жонглер күні. Орта ғасырларда музыканттар мен көшіп-қонып жүретін әртістер мен сиқыршыларды «жонглер» деп атаған. Ал қазіргі жонглерлер бір мезетте бірнеше затты алма-кезек лақтырып, тосып алатын цирк маманы. Клоундар да жонглер бола алады. Жалпы, бұл өнер саласының майталмандарын дайындағанда міндетті түрде үйретілетін тәсіл. Айтулы датада цирк мамандарын құттықтап, тілдесіп келген едік.

 «Клоун» латын тілінен аударғанда «қарапайым адам» деген сөз. Қаншама еңбек пен қажырды, шығармашылық ізденіс пен үздіксіз қозғалысты, энергияны талап ететін бұл жұмыс өте күрделі. Балаға күлкі сыйлау үшін өнерпаздар өте мұқият дайындалады.

Иә, «өмірде бәрі клоун» деген өнерпаз өзінің ісін мақтан тұтады. Әріптестері де нағыз маманның жұмысын оң бағалап отыр. Өмірде немен айналысқаның маңызды емес, бастысы сол істің нағыз шебері, майталманы болу – мүдде мен мақсат дейді олар.

 Иә, орта ғасырда тым танымал болған жонглерлік өнермен бүгін ешкімді таңғалдыра алмайсыз. Негізінде бұл цирк қойылымы көне заманда пайда болған. Мысыр перғауыны Хнумхотептің 2 Бени-Хасандағы обасында археологтар рельеф суреттерде жонглер қыздардың бейнеленгенін анықтаған. Бұл біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын болған.