Болашақ педагогтар – ұлтты тәрбеиелейтін маман иелері. Сондықтан олардың практикалық тұрғыда білікті болуы шарт. Осыны ескерген Орталық Азия Инновациялық универсиеті студенттер үшін Халықаралық семинар ұйымдастырды. «Өскелең ұрпақтың мінез-құлқындағы тәуелділік мәселелері мен тәуекел факторлары» тақырыбында өткен шара жайында толығырақ тілші бейнематериалында.

Қазір көптеген жастардың бойында тәуелділік мәселесі белең алып отыр. Өскелең ұрпақтың бірі гаджетке, бірі интернетке енді бірі электронды темекіге әуес. Бұл қоғам дерті. Мұндайда жеткіншектерге ата-анамен қатар ұстаздың көмегі қажет-ақ. Сондықтан болашақ педагогтар дкелеңсіз әрекетпен күресуге практикалық тұрғыда дайын болмағы лазым.

Жиында осы тақырыпта ғылыми жоба қорғаған магистраннардың еңбегі ерекше дәріптелді. Ұлттың ертеңін қалыптастыру бағытындағы тың тәсілдер ұсынылды.

Ақтолқын Әбілқасынова осы оқу орнының 4-курс студенті. Халықаралық дәрежедегі семинарға екінші рет қатысып отыр. Болашақ педагогтарға осындай жиындардың  берері мол,-дейді білім алушы.

 Орталық Азия Инновациялық университетінің негізгі мақсаты бітіруші түлектердің қолына тек диплом ұстатып қана қою емес. Олар болашақ педагогтарды теориялық білімді, практикалық тұрғыда тәжірибелі маман етіп тәрбиелеуге күш салған. Халықаралық семинар соның дәлелі.