“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы «Киелі мекен» апталығымен жалғасуда. Апталық аясында Әл – Фараби ауданының тұрғындары мен коммуналдық мекеме қызметкерлері «Ескі қалашық» аумағын тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

 Киелі мекен айналасы бүгін өзгеше кейіпке енуде. Аумақтағы ағаштар әктеліп, орындықтар сырланып, арық – атыздар тазалануда. Сондай-ақ, коммуналдық мекеме қызметкерлері ағаштар мен көгалдарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізуде.  

 Тазалық жұмыстарына ауданның ақсақалдары мен ерікті жастары атсалысуда. Сондай-ақ, әкімдіктің қызметкерлері мен ауданның тазалығына жауапты мекеме жұмысшылары да бір кісідей белсенділік танытуда. Жалпы санитарлық тазалық шарасына 11 арнайы техника,  130 дан астам адам жұмылдырылыпты.

 Киелі мекеннің айналасы тазартылып болған соң, санитарлық жұмыстар ішінде жүргізілді. Алдымен, нысан туралы аз – кем ақпарат беріп өткен қызметкерлер әр бөлікке өздері бас көз болып, құнды дүниелердің қалпында сақталуына жауапкершілік танытты.

 “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы қаланың өзге аудандарында да жалғасуда. Бұл апталықта тарихи мекендеріміз тазартылып, құнды дүниелеріміз дәріптелуде. Жалпы, акцияны өткізудегі мақсат - экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды арттыруға шақыру.