Елімізге атом электр станциялары қаншалықты қажет? Энергия өндірішу нысандар тарифтің төмендеуіне ықпал етеме? Бұл жобаға көптің көзқарасы қалай? Осы сұрақтар Шымкентте кеңінен талқыланды. Атом энергетика саласының мамандары мегаполис тұрғындарымен арнайы жүздесті.


 Мемлекет басшысы өткен жылғы жолдауында  Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерген болатын. Бұл кездесу референдумға дайындық. Мамандар халыққа кеңінен түсініктеме жұмыстарын жүргізуде. Көптің көңіліндегі күпті сейілтіп, уаымды жеңілдету. Жаңа жобаның халыққа қауіпсіз екендігін ғылыми дәйекпен түсіндіру.

Мамандардың сөзіне сенсек заманауй атом электр станцияларының жарылу қауіпі нөлге тең. Ал пайдасы ұшан теңіз. Электр энергиясын желден, күннен өндіретін жасыл энергетика қатарындағы атом электр станциялары тәулігіне 24 сағат тоқтаусыз энергия қуатын өндіретін болады. Бұл көмірмен газбен электр өндіретін станцияларға қарағанда табиғатқа залалы жоқ.  Талқылауларға өңір тұрғындары, қоғамдық кеңес мүшелері, Азаматтық альянс өкілдері қатысты. Шымкент қаласы әкімдігі қатысуға ниет білдіруші барлық азаматтарды шақыруға арналған тиісті хабарландыруды ресми сайтта жариялады.

 Бұл іс-шараларда экология, денсаулық, табиғи-климаттық факторлардың атом электр станцияларына әсері, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Қоғамдық талқылаулар барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да сұрақтар қоя алды.