Шымкентте жұқпалы аурулар белең алуда. Әсіресе  көкжөтел, қызылша,  вирустық гепатит белгілерімен ауруханаларға  науқастар   түсуде. Індеттің себебін зерттеген санитар дәрігерлер шұғыл іске кірісті.

 Жұқпалы аурулардың әсіресе балалар арасында белең алуының себебі бар –дейді санитар дәрігерлер. Каронавирус өршіген уақытта көптеген балалар көкжөтел, қызылшаға қарсы міндетті екпелерін  алмай қалған. Қазір вирустық аурулар екпе алмаған балалар арасында кеңінен таралуда.  

Аурудың алдын алудың ең оңай жолы вакцина. Вирустық ауруларға қарсы вакцинаны  уақытында алмаған ата –аналар  балаларына екпе егуге асығуда. Солардың бірі Гүлмира Ачилова.

Қала емханалары вакцинация жұмыстарына сахадай сай. Арнайы мамандар екпе жұмыстарына ұқыптылықпен қарауда. Мейірбикелер көше аралап емханаға тіркелген тұрғындарға түсініктеме жұмыстарын жүргізуде.

 Қазіргі таңда инфекциямен басқарылатын барлық жұқпалы ауруларға қарсы 18 жасқа дейінгі балалар арасында имундау жұмыстары жүргізілуде.  Профилактикалық егуге жаппай имундау жүргізіліп жатыр.