Шымкентте құрылыс жұмыстары қарқынды. 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 103 жоба немесе 131 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның  ішінде  119 нысанның құрылысы жыл  соңына  дейін  тапсырылатын  болады. Салада атқарылып жатқан шаруаларды басқарма басшысы баспасөз брифингінде баяндады.

 Жыл санап халық саны артып келе жатқан мегаполисте тұрғын үй құрылысы маңызды. Бүгінгі таңда, құрылысы жүргізіліп жатқан 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты тұрғын үй бой тіктеп жатыр.   Қазірдік өзінде   180 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйді  пайдалануға берілуде. Ал, қалған 64 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі –дейді басқарма басшысы. Сонымен қатар инфрақұрылым құрылысына аса мән берілуде.

Шымкентте 18 білім нысаны салынып жатыр. Бұл мектептер пайдалануға берілсе саладағы көптеген мәселелер шешімін тапқалы тұр. Әсіресе үш ауысымдағы білім мәселесі түбегейлі шешілетін болады. Сондықтан білім нысандарының құрылыс жұмыстарына ерекше ден қойылып отыр.

Басқарма тарапынан құрылыс сапасы қатаң қадағаланады. 2024  жылдың 1-тоқсанында 10 382 пәтерден 128 кемшілік анықталып, оның 118-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтіріліпті.  Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.