Шымкенттік жастар діни экстремизмнің алдын алу мақсатында семинарларға қатысып жатыр. Дінтанушы мамандар жоғары және арнаулы оқу орындарының білім алушыларына лекция оқып, экстремизм мен терроризмнің жағымсыз қатынасын баяндап жүр. Дін басқармасының кезекті жобасы Шымкент көпсалалы колледжінде өтті.

 «Noextremism, Noterrorism». Осындай ұранмен түрлі тақырыпта семинар өтіп жатыр. Шараны Дін  басқармасының тапсырысы бойынша «Алтын орда» қоғамдық қоры ұйымдастырды.  Мақсат - діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Осы орайда арнайы спикерлер қала жастарына лекция оқып, діни сауатты болуға шақырып жүр.

Акция қалдағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін қамтиды. Семинар барысында жалпы 500-ге жуық жас ақпараттық түсіндіру жұмыстарына қатысады деп жоспарланған. Оңтүстік Қазақстан медицина акдадемиясында басталған семинар Шымкент көпсалал колледж қабырғасында жалғасын тапты. Жиында болашақ медицина мамандары «Діни экстремизмнің алдын алу негіздері мен әдіс-тәсілдері» тақырыбында ақпаратқа қанық болды.

Қоғамда қашан да жат ағымның идеологиясына деген қарсылық пен оған жағымсыз қатынас қалыптастыру күн тәртібіне түсепейтін тақырып. Жас ұрпақты радикалды экстремистік ұйымдарға тартуда бөгет жасау әркез маңызды, - дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар бұл экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет бойынша заманауи әдістердің жасақталуына және енгізілуіне мүмкіндік береді.