Мектеп-ол білім ұясы. Ондағы оқушылардың  проблемасы ұстаз бен ата-анаға ортақ. Деседе баласын сабаққа жібергендер бауыретінің білім ұясында немен айналысатынын біле бермейді. Ауыртпалықты мұғалімнің міндетіне жүктеп, проблема туындаса ұстазды кінәләп шыға келеді. Мұндай көріністі қалалық әзіл-сықақ театрының әртістері  «Мұғалім» әлеуметтік драмасында Ссахналады. Қойылымды әріптесім де тамашалап қайтқан еді.

Ата-ананың балаға қарым-қатынасы, оқушы мен мұғалімнің мәмлесі, ұстаздың қағазбастылықтан арылмауы барлығы «Мұғалім» әлеуметтік драмасында сахналанды. Қойылымда бала махаббат, мектеп жасындағы оқушылардың әрқилылығы мен жеткіншектердің мінез-құлқы айнытпай бейнеленген.  

«Мұғалім» әлеуметтік драмасының қоюшы режиссері ҚР мәдениет саласының үздігі Ғазиз Арынов. Режисер драманы қоймас бұрын мәселене зерттеп-зерделеген. Себебі мектеп проблемасы қашанда актуалды. Ата-анамен мұғалім арасындағы дау. Оқушылар арасындағы әлімжеттік мәселесін режиссер сахна арқылы көпшілік назарына жеткізгенді жөн санапты.  

Ал әке махаббатын көрмей өскен оқушының сыныптастарымен қатынасы қандай? Дөрекілік пен әлімжеттік бала махаббатқа кедергі бола ала ма? Қорлан қыздың рөлін сомдаған театр әртісі Айым Сахипова өз кейіпкері жайында айтып берді.   

Айта өтейік, «Мұғалім» әлеуметтік драмасын 18,19,20 сәуір күндері қалалық әзіл сықақ театрынан көре аласыз.