Енді, такси жүргізушілері  жүрілгеніне 15 жылдан асқан көліктерімен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Бұл ретте, бірқатар талаптар  қойылып отыр.  Қазір аталмыш заң жобасы  мәжілісте де, қоғамда да қызу талқылануда. Осы кәсіппен нәпақасын тауып жүрген шымкенттіктердің бізде ой-пікірін тыңдап көрген едік.
 Елімізде такси қызметін жүйелеу мақсатында  жаңа заң жобасы әзірленуде. Құжатқа сәйкес, енді жүргізушілер  шыққанына 15 жылдан асқан көлікпен жолаушыларға қызмет көрсете алмауы мүмкін. « Мемлекеттік стандарт»- жобасы аясында жүзеге асырылған жаңашылдықта  көлігіңіздің  жүріп  өткен қашықтығы 500 шақырымнан аспауы тиіс.

Заң жобасында такси қызметін ұйымдастыруды өзін-өзі реттеуге көшіру көзделеді. Ал бұл такси тасымалдаушыларының ,таксидің ақпараттық -диспечерлік қызметтерін және таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларының жұмыс принципін өзгертуге,сондай – ақ такси тасымалдаушыларының өзін -өзі реттейтін ұйымға мүше болуына алып келеді.

Өзгеріс жүйесіне сай такси көлігінің жоғары бөлігінде арнайы белгінің қойылуы міндеттелмек. Сондай – ақ, жүргізушінің төлқұжаты мен фотосы және жеке мәліметтері  жазылған  картасы салонда  ілініп тұруы қажет. Таңның атысы мен күннің батысына қарамай нәпақаларын  тауып жүрген такси жүргізушілері бұл талапқа қалай қарайтындарын өздерінен сұрап көрген едік.

Ұсынылған заң жобасы әлемдік тәжірибе ретінде көзделіп отыр екен. Мысалы, көш ілгері қарқында дамыған мемлекеттерде такси қызметкерлері өздеріне арналған арнайы киім киіп, мұндаздай таза салонда кез-келген жеріңізге жеткізіп салатыны бар. Жолаушылар соған сай белгіленген жол ақысын төлейді.        Өкінішке орай,қаламыздағы такси қызметінің сапасы әрі бағасы көңіл көншітпейтінін тұрғындар айтып та, әлеуметтік желілерде жарыса жазып та жүр.