Қазақстанда мүгедектігі бар балалар саны артып барады. Мәселен, 2021 жылы 98 мыңнан астам жарымжан бала тіркеуде болса, былтыр тағы 3 пайызға артқан. Денсаулығынада кінәраты бар бүлдіршіндерге ең көп қойылатын диагноз- туа бітті аурулармен тікелей байланысты. Одан кейін, жүйке жүйесі ауруына шалдыққандар басым. Мамандар бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіреді?

 2022 жылдың аяғында жарымжан бала саны 100 000-нан асқан. Ал одан бұрын 2 жыл бұрын 50-ден аспаған болатын. Мамандар сондықтан дабыл қағып отыр. Балалар өлімінің көрсеткіші төмендегенімен, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршін саны жыл сайын 6000-ға артады. Бұл проблемаларға бірнеше фактор жан-жақты әсер етіп отыр дейді ғалымдар. Отбасын жоспарламаудан бастап, түрлі вакциналарды уақытылы алу  мен генетикалық ауруларға анализ тапсыруға дейін тізіп шығуға болады.

 Ерекше балалардың көбейіп жатқанының себебі - құрсақтағы шарананың патологиясын дер кезінде анықтай алмау. Мүгедектігі бар балаларға жан-жақты көмек көрсетуді жетілдіру үшін 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы қайтадан әзірленбек. Жоба аясында еліміздегі денсаулық сақтау мекемелері баланың дамуы мен денсаулығындағы ақауды ерте жастан анықтауды көзделген. Генетикалық ауруларға шалдыққан балаларды алдын-ала білуге мүмкіндік беретін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, министрлік тарапы маман тапшылығын шешу үшін педиатрларға әлеуметтік қолдаудың жалғасатынын айтты. Айта кетейік, жыл басында енді 5 жыл ауылда еңбек етуге баратын ақ халаттыларға 8,5 млн теңге бір реттік көтермеақы төленетіні шешілген еді.