«Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалында «Партиялық бақылау комиссиясының» кезекті отырысы өтті. Үш бірдей ауданның басшылығы сайлауалды бағдарламадағы тапсырмалардың орындалу барысы  туралы есеп беріп, ұсыныс-пікірін тыңдады. Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, БАҚ өкілдері және партия қызметкерлері қатысты.

 Жиында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты Шымкент қалалық сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы талқыланды. Еңбекші, Қаратау  және Тұран аудандары әкімдерінің партияның Жол картасындағы 2024 жылғы жұмыс жоспары туралы есеп берді. Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбеков 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылғанын жеткізді. Десе де ең кәріз жүйесінде әлі де мәселе барын жасырмай,  оны шешудегі жұмысына тоқталды.    

Ал Қаратау ауданы әкімі Рахымберді Мүлкемановтың есебін тыңдаған комиссия мүшелері кейбір салада қарапайым кемшіліктер кетіп жатқанын айтты. Қаладағы Назарбеков көшесінен №80 мектеп бағытындағы қиылыста жылына бірнеше рет құбыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтқа кәрізден аққан сасық сулар жіберілетіндігін жеткізді. Әкім бұл мәселелердің назарда екенін айтып, тиісті жұмыстар атқарылатынына уәде берді.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері Назарбеков көшесінің бойындағы Бәйдібек би мен Бәйтереков көшелерінің аралығындағы бірнеше қиылысқа бағдаршам орнату қажеттігін де айтты. Еңбекші мен Қаратау аудандарының есептері жалпы комиссия мүшелерінің оң бағасын алды. Партиялық бақылау комиссиясында Тұран ауданы әкімдігінің де есебі тыңдалды. Сұрақтарға нақты жауап ала алмадық деген мүшелер аудан әкімінің келмеуіне байланысты әкім орынбасарынан есепті қабылдамай, кейінге қалдырды.

Жиында сонымен бірге әртүрлі мәселелер қаралды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясының тиісті дәрежеде орындалуы және өзге де тақырыптар бойынша ұсыныстар айтылды.   

«Аманат» партиясы сайлауалды бағдарламасында қаралған жоспар толықтай жүзеге асуы керек. Атқарушы орган жергілікті әкімдердің жұмысы партияның жіті бақылауында болады. Жиын қорптыныдысы бойынша комиссия мүшелері осылайша тарқасты.