Сөзі сара, өзі дара ақын. Халықаралық «Алаш»  әдеби сыйлы¬ғының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңір¬ген қызметкері, ақын Ханбибі Есенқарақызы 75 жаста.  Мерейлі жасты    бұл жолы еліміздегі  көшбасшы партия өкілдері атап өтті. .  «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Абай атындағы орталық кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен жылдық мерейтойына арналған кездесу кеш өтті.   

Ханбибі Есенқарақызы  Қазақ әдебиеті мен тарихына, руханияты мен мәдениетіне үлес қосқан қайраткер.  Ақын поэзия әлемінде қайсарлық пен ақиқаттың алдас¬панындай жарқырай білді. Махаббат пен адалдықты  жырлады. Әр сөзі рухтан,  жүректен шығатын батыр мінезді ақынның кешіне зиялы қауым өкілдері, халық қалаулылары мен оқырмандары жиналды.

 Ханбибі Есенқарақызы 14 көркем әдеби  кітаптың авторы. Қарымды қаламгердің   өлеңдері  бүгінде орыс, украин, қырғыз, өзбек, якут тілдеріне аударылған. Оның «Алтынай», «Нүрикамал», «Қадиша», «Дос іздедім»  «Махаббат-өмірлері» сынды өлеңдеріне ән жазылып, халық арасында кеңінен таралған.

Ханбибі  Есенқарақызын әділдігі мен өр мінезі үшін халық  оны Хан қызындай Ханбибі деп те атап кеткен. Оның шығармаларының қазақ поэзиясында алар орны ерекше.Шынайы мөлдір рухты өлеңдері кез-келген жастағы жанның жүрегін баурап алары анық. Рухани кеш барысында ақынның өткен өмірі бейнеленген бейнеролик көрсетіліп,ақын жырлары жатқа оқылды. Өз кезегінде Ханбибі Есенқарақызы кеш ұйымдастырушылары мен оқырмандарына өзінің қиындығымен қызығы мол еңбек жолын баяндады.