Мектеп жанындағы алаңдардың бірінші 10 күндігі аяқталды. Алғашқы кезеңде қала бойынша 106 мың оқушы қамтылған. Екінші 10 күндікте де дәл осынша баланың бос уақын тиімді пайдалану жоспарланып отыр. Ол үшін мектеп жанындағы 136 лагерь жұмыс істеуде. Ал, қала сыртындағы жазғы сауықтыру аймақтарында 9 мыңға жуық оқушы демалатын болады.

Әсия Анарбектің мектеп жанындағы алаңда алғаш рет демалуы екен. Түрлі үйірмелерге тегін қатысып, түске дейінгі уақытын қызықты өткізген жеткіншек, жазғы лагерьде жаңа достар тапқанын айтады.

 Қаладағы №17 мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» лагерінде 500 баланың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, демалдыру көзделген. Ол үшін 10-ға жуық үйірме жұмыс істеуде. Одан бөлек, экскурсиялар мен сайыстар ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығын дамыту мақсатында интелектуалды ойындар өткізілуде.

Шаһарда мектеп жанындағы 136 лагерь жұмыс істеуде. Оларда жалпы саны 213 мыңға жуық бала қамтылады деп көзделген. 1-ші 10 күндіктің аясында 106 мың оқушы демалған.

 Биыл шымкенттік 9 мыңға жуық оқушы қала сыртындағы жазғы лагерьлерде демалады. Оған қазынадан 399 млн теңге бөлініпті. Қабылдау 15 маусымнан басталады.