Шымкентте шойын білекті, түкті жүректі жігіттер жарысты. Салмақтары тоқсан келіден жоғары палуандар өзара мықтыларын анықтады. Қазақстан барысына іріктеу сайысын тілші әңгімелейді.

 Бұл турнир 6 шілде Астана күніне орай ұйымдастырылатын Қазақстан барысына іріктеу сайысы Бақ сынауға 25 палуан келіп отыр. Дәстүрлі жарысқа доданы жарған екі жігіт қана барады. Бәрі де жүзден жүйрік шыққан сайыпқырандар. Жарысқа Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қазақша күрес федерациясы мұрындық болған. Палуандардың барлығы зор дайындықпен келген. Додаға іректеудің өзінде салмағында сарапталған жігіттер қатысуда. Солардың бірі - Марлен Исахов. 90 келі тартады жас жігіт алғашқы қарсыласын ойсырата жеңді. Жарыс нәтижесінде Қазақстан барысына жолдама мен жүлделі екінші орын 125 келі тартатын Нұрсұлтан Қожагелдіге бұйырды. Бірінші орынды Ерсұлтан Мұзаппаров жеңіп алды. Небәрі 96 келі салмақтағы саңлақ алып денелі жігіттердің барлығының жауырынын жерге тигізді.