Шымкентте халықаралық кәсіби бокс кеші өтті. IRFIN promotions промоутерлік компаниясы Шымкент қаласында халықаралық кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыруда. Тақырыпты тілші тарқатады.

IRFIN Промоутерлік компания биыл 15 наурызда құрылған болатын. Компанияның бас директоры Бақдәулет Төрехановтың айтуынша, алғашқы бокс кешін Шымкент қаласында өткізу жоспарланған. Ұйымдастырушылар кәсіпқой бокс кешіне қолдау көрсеткен Шымкент қаласы әкімдігіне алғысын жеткізді. Дүбірлі додада дебютанттарға да көңіл бөлінген. Компания жас спортшылардың танылуына зор мүмкіндік береді. Айтқандай Шымкенттегі бокс кешіне әлемге танымал спортшылар келді.

Айта кетсек, жекпе-жектер 8 маусым күні Көрме орталығында өтті. Спорттық іс-шараны тікелей эфирде SPORT+ Qazaqstan телеарнасы көрсетті.Кәсіби бокс кешінде Қазақстан, Өзбекстан, Таиланд, Филиппин, Моңғолия, Қытай елінің тәжірибелі боксшылары қолғап түйістірді. Жалпы 8 жекпе-жек жоспарланған болатын. Басты жекпе-жекте отандасымыз Нұрдос Төлебай мен таиландтық Анусон Зонлюанг бақ сынасты.