Көпқабатты тұрғын үйлер Кентауда да салынып жатыр. Тұрғын үй құрылысы облыс бойынша басқа аудандарда да жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды салынып жатқан пәтерлерді аралап көрді.
Өңір басшысы Уәлиханов көшесінде орналасқан №150 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысып, мердігермен кездесті. Құрылыстың сапасына басты назар аударуды ескертті. Үйлердің кірпіші қаланып, инфрақұрылымы жүргізіліп жатыр. 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Пәтерлердің жалпы ауданы 3 мың шаршы метрден асады. 60 пәтерлі тұрғын үй баспана кезегінде тұрған отбасыларға беріледі – деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.