Елді мекен мен егістік алқапты шегіртке басып қалды. Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Байтоғай ауылының халқы осындай күй кешіп отыр. Әбден жетіліп, қанаттанып алған зиянкестердің әзірге беті қайтатын түрі жоқ. Жолында кездескенді жайпап барады.

 Зульфия Әбішева қарбызы үшін қанша күрессе де көктей солған көкөнісін сақтап қала алмады. Ен даланы тұмандай тұтқан шегірткелер пісуге жиырмашақты күн қалған өсімдікті жеп тынған. Бір гектар алқаптағы егіндікті шура бала-шағасымен жабылып қорғапты. Дәрі де шашқан. Түтін салып, желпуішпен де қорыпты. Қазір дақылдың тамыры мен сабағынан басқа түк қалмаған. Ал уланып өлген жәндіктен қазір егін басы өлексе сасып тұр.

Жағдай аяқ асы ушығып кеткеннен соң «Байтоғайға» арнайы жабдықталған 36 техника әкелініп, 170-тен астам маман шегірткенің тұқымын жоюға кірісті. Жәндіктермен күресуге тағы 2 тікұшақ көмекке келді. Олардың күшімен бүгінгі таңға дейін 36 мың гектар жерге улы дәрі себілді.

Қазір ауылда шегіртке қарсы жұмыстарды үйлестіру үшін арнайы штаб құрылған. Оның құрамында ауылшаруашылағы министрілігі, жергілікті билік, қоршаған ортаны қорғау, ветеринария, фиосанитария құрылымдарының мамандары бар. Олардың жоспары бойынша енді 2-3 күнде зиянкестерге қарсы күрес аяқталып, шегірткенің көзі жойылмақ.