«2200 жылдық тарихы бар Шым қала». Шымкенттің қала күніне орай бүгін тарихи-мәдени орталық Цитадельде мерекелік іс –шара өтті. Үшінші мегаполистің мәдени болмысын айшықтау мақсатында ұйымдастырылған экскурсияда ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді.
Шым қала тарихи-мәдени кешені мегаполистің көне тарихын баяндайтын бірден-бір орталық. Бұл күні осы жерден табылған 2200 жылдық ортағасырлық жәдігерлер келушілер назарына ұсынылды.
Бұдан бөлек қолөнер шеберлері тұрмысқа қажетті бұйымдардың жасалу техникасын көпшілікке көрсетті. Ұмыт болған бабалар мұрасы насихатталып, көне шаһардың базары жаңғыртылды. «Осындай кө𬬬мелер жергілікті тұрғындар көкі¬¬регіне рухани нәр құяды»,-дейді мұндағылар. Айта кетейік, Шымкенттің көне тарихынан сыр шертетін мәдени кешенге келушілер саны көбейген. Жыл басынан бері ескі қалашықты тамашалауға 5 мыңнан аса турист келіпті. Олардың қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, Германия, Франция, Түркия, Өзбекстан, және Америка елдерінен саяхаттап келушілер бар.