«Үздік диплом – 2024». Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі – М. Әуезов атындағы оқу ордасы озат түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстады. Аталмыш шараға қадірлі қонақтар қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі.  

Салтанатты шара бірегей білім ордасының ауласында сән салтанаты келіскен ерекше эстетикалық экспозицияда ұйымдастырылды. Әлқисса сөзді бастаған университет ректорының міндетін атқарушы Қайрат Нұрманбетов бүгінгі күннің мән-маңызына ерекше тебіреніспен тоқталды.

ҚАЙРАТ НҰРМАНБЕТОВ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ РЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
     -Биылғы түлектер ерекше. Ерекше болуы біз биыл зерттеу университеті   статусын алғалы бірінші түлектерді ұшырып жатырмыз...   

Биыл білім ордасын 10 мыңнан астам шәкірт аяқтап, қияға қанат қақты. Соның 433-і үздік диплом иегерлері. Озаттар сапында Шұғыла Байбала да бар. Ол қаржыгер мамандығы бойынша білім алды. Енді жас маман оқуын магистратурада жалғастырмақшы.  

ШҰҒЫЛА БАЙБАЛА,  ҮЗДІК ДИПЛОМ ИЕГЕРІ
- Мен төрт жыл бойы оқуды үздік оқып, осылай қызыл диплом алып тұрғанымды зор мақтанышпен айта аламын...

Салтанатты шараға арнайы шақырту алған қонақтар лек-легімен түлектерге сәт сапар тілеп, үздіктерге диплом табыс етті.

 Бүгінгі бітіруші түлектердің қуанышында шек жоқ. Олар өз болашағына зор сеніммен қарайды. Ендігі міндет – ұшқан ұядан алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болу, - дейді болашақ эколог Маргарита Нығматуллақызы.

МАРГАРИТА НЫҒМАТУЛЛАҚЫЗЫ, ҮЗДІК ДИПЛОМ ИЕГЕРІ

- Кеудені қуаныш пен мақтаныш сещімі кернеп тұр. өйткнні білім бәсекесінде үздік атану оңай емес...

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді. Бүгін расында да тарихи сәт. Университеттен 30 жас журналист түлеп ұшты.  

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ҮЗДІК ДИПЛОМ ИЕГЕРІ
- Ендігі мақсат мықты журналист атану, мен үшін бұл абыройлы міндет...

Түлектер қатарында республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Салтанатты жиын соңында қимастық сезімге бой алдырған жастар назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.