Шоу бизнес өкілдері футбол алаңында. Екі топқа бөлініп жолдастық кездесу өткізген оңтүстік өңірінің өнерпаздары, көрерменге қызықты матч сыйлады.
Бір сәтке сергіп, спортпен айналысуды қолға алған өнерпаздар кешқұрым Металлургтер стадионына жиналды. Екі командаға бөлініп жасыл алаңға шыққан олар көрерменге қызықты матч сыйлады. Ойынның алғашқы минутында-ақ есеп ашылып, Шаңырақтың ойыншысы Нау команданың қақпасына гол соқты. «Жеңімпаз бол» бастамасын өнерпаздардың өздері көтеріпті. Бұл ойларын Жастар ресурстық орталығы қолдап, тез арада іске асырған. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Ұйымдастырушылар осылайша қала халқын бұхаралық спортқа баулып, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануды көздеп отыр.