«Қазгидромет» Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады. Синоптиктер берген мәліметке қарағанда 25 шілдеде Өскемен, Риддер, Шымкент, Алматы қалаларында, түнде Атырау және Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.


 Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал деді мамандар.