Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындардың ашылу салтанаты ертең сағат 22:25-те тікелей эфирде көрсетіледі.


Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада ел намысын спорттың 25 түрінен 80 спортшы қорғайды. Парижде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының арнайы түсірілім тобы жұмыс істейді.

Сонымен бірге «Qazaqstan», «Qazsport» арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі», «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде «Париж 2024» студиялық бағдарламасы эфирге шығады. Екі арна эфирінде 19 комментатор жұмыс істейді. Ашылу салтанатын «Qazaqstan» арнасында Есей Жеңісұлы мен Руслан Бақытжан, «Qazsport» арнасында Уәлихан Қосанбай мен Сергей Райлян жүргізеді.