5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына бір айдан астам уақыт қалды. Түркі әлемі көз тіккен дүбірлі дода кезінде елордаға қазақстандық және шетелдік 100 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланған. Келген қонақтарға спорттық шаралардан бөлек, мәдени бағдарламлар ұсынылады.


 Елорда іргесіндегі Қазанат ипподромында этноауыл ашылады. Онда әрбір келуші қазақ халқының және өзге де қатысушы елдердің төл мәдениеті, салт-дәстүрімен терең таныса алады. Этноауыл күніне 30 мың келушіні қабылдай алады. Сондай-ақ, ашық аспан астында көшпелілер өркениетінің мұражайы, қолөнершілер қаласы мен ұлттық тағамдар фестивалі ұйымдастырылады. Ал, 13 қыркүйек көшпенділер мерекесінің жабылу кешінен кейін, Астана төрінде әнші Димаш Құдайбергеннің жеке шоу-концерті өтеді.