Түркістан облысының полицейлері Келес ауданының тұрғынынан марихуана салынған пакет тәркіледі. Тыйым салынған затты азамат өзінің құрылысы бітпеген тұрғын үйінде сақтаған.


Сараптамаға сәйкес, есірткінің жалпы салмағы шамамен 14 грамм марихуана болып шықты. Ер адам өз жауабында, аталмыш есірткіні мал жаю кезінде тауып алып, өзі тұтыну үшін сақтағанын жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр