Елімізде жыл басынан бері мопедтің қатысы бар 154 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 10 жасөспірім көз жұмса, 180-і жарақат алған.


Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты. Апаттың жиілеуіне мопед санының артуы, жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауы себеп болып отыр. Министрлік өкілі ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырды.