Тұрғындардың белсенділігі баяу. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары халықтың акцияға атсалысу деңгейін осылай бағалады. Экологиялық жоба басталғалы ауқымды шаруалар атқарғанымен, елдің бәрі өз айналасын таза ұстауға асықпайды екен.


Жанаргүл Қауымбекова Ә. Молдағұлова көшесінде 9 жылдан бері тұрады. Өзінің үйінде емес, пәтер жалдайды. Алайда, бұл факті оның өзі өмір сүретін маңдағы тазалыққа бей-жай қарауына кедергі емес. Әкімдік тарапынан акция аясында тұрғын үй аулалары жиналып жатыр. Апта сайын коммуналдық мекеме қызметкерлері тарапынан тазалық жүргізіледі. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, тұрғындардың белсенділігі тым баяу. Республика даңғылы 41А үйінің алаңы толық тазартылды. Шөп қырқылды, қоқыс жиналды, шаң тозаң сүртіліп, сыпырылды. Ең бастысы, балалар алаңшасының сынған элементтері алынып, жыртылған төсеніші ауыстырылды.