Арыстық полицейлер 9 жыл бойы Халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды ұстады.


 35 жастағы азамат 2015 жылы атыс қаруын қолданып, ауыр қылмыс жасаған деп күдікке ілінген. Тәртіп сақшылары оны Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қолға түсірді. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынған. Тергеу күдіктінің қылмысқа қатысы бар екенін толық дәлелдеп, жиналған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберген.