Елімізде тамыз айының алғашқы жексенбісі көлік қызметкерлерінің мерекесі. Даталы күн Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді және ресми мәртебеге ие. Осыған орай, Шымкентте қала әкімінің орынбасары сала мамандарын құттықтады.
Кәсіби мерекелік жиында Айдын Кәрімов қоғам өмірін көлік саласынсыз елестету мүмкін емес. Бұл саладағы қауiпсiздiктi қамту, көрсетiлетiн қызметтi сапалы ету маңызды екенін айтты. Осы мақсатта Шымкентте қоғамдық көлік, әуе және темiржол көлігі қызметтерін дамыту бағытында қыруар жұмыс атқарылып жатқанын айтты.
Қала әкімінің орынбасары көлік саласының өкілдерін құттықтап, еңбегі елеулі қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хат табыстады. Көлік саласында үздіксіз еңбек еткен, елеулі үлес қосқан азаматтар төсбелгімен марапатталды. Құрметке бөленгендердің қатарында Атымтай Жұмаділұлы да бар. Оның қоғамдық көлікті тізгіндеп келе жатқанына 40 жылға жуықтаған.
Үшінші мегополисте қоғамдық көлікпен 11 тасымалдаушы компания, күнделікті 950-ге жуық автобуспен тұрғындарды тасымалдайды. Сапалы көлiк байланысының халықтың тұрмысын жақсартудағы рөлi ерекше. Сондықтан да қоғамдық көліктерді жаңғырту жұмыс жалғаса береді.
Жалпы 100-ден астам көлік саласының қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде Көлік министрі Марат Кәрімжанұлының атынан 6 азаматқа «Құрметті автокөлікші», 13 азаматқа «Үздік автокөлікші» төсбелгісі берілді. Қала әкімінің алғыс хатымен 25 адам марапатталды. Өңірдің өндірістік құрылымы мен экономикасында автомобиль көлігі аса маңызды буын болып қала береді.