Шымкентте полицейді пышақтап кетті. Оқиға 1 қыркүйек күні таңғы уақытта Қонаев пен Жандосов көшелерінің қиылысында болған.


Патрульдік полиция полкінің инспекторының арқасынан ер адам пышақ тығып алған. Тәртіп сақшысы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып тұрған.


Полиция департаментінің ақпаратынша, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» қылмыстық іс қозғалды. Жарақат алған полиция қызметкері жедел жәрдеммен қалалық нөмірі 1 клиникалық ауруханасына түскен.


 Дәрігерлер бүгінде 35 жастағы патрульдік полиция қызметкерінің жағдайы орташа ауыр деп отыр. 4-5 күнде амбулаторлық емге жіберілуі мүмкін дейді. Ал күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.