Атом саласы қызметкерлерінің мерекесі қалада ерекше аталды. Жас ғалымдар  «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында жүздесіп, жобаларын жұртшылыққа таныстырды. Қазақстанның атом өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай  өткен іс-шараны тілші әңгімелейді.

Өзінің жобасын алып келген жас ғалымның бірі Ақжүніс Болатқызы. Ол Бифельд-Бараун эфектісіне негізделген ионды қозғалтқышын көптің назарына ұсынды. Елімізде зымырандар отын арқылы қозғалады. Одан ауа ластанады. Ал ионды қозғалтқыштың қоршаған ортаға зияны жоқ.

 АҚЖҮНІС БОЛАТҚЫЗЫ, М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН N8 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫСЫ
-Ғылыми жобаның ең үлкен мақсаты электростатикалық құбылыстардың жұмыс жасайтын ионды қозғалтқыштардың үлгісін жобалау және құрастыру болып табылады. Бұл жобаны зымырандарды ұшыруға пайдаланамыз.

Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің айтулы күндер тізбесіне енгізілуі – атом өнеркәсібінің елдің экономикалық дамуындағы маңызды рөлін көрсетеді. Іс-шараның мақсаты да жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Қаланың талантты оқушылары түрлі ғылыми жобаларымен танылып жүр.

НҰРГҮЛ ШӘМШИЕВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Өткенде ғана Индонезияда өткен халықаралық байқауда екінші орын алды

Жиынға оқушылар, студенттер, жоғары оқу орындарының профессорлары, оқытушылары мен қала тұрғындары қатысты. Атом өнеркәсібі – бүгінде елдегі ең жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін табысты сала. Ізденімпаз жастардың еңбектері келешек атом өнеркәсібінің бірінде көрініп жатса, игі істің бірі болмақ.