Түркістанда сот қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты. Төраға бастаған топ «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 150 дана қарағай ағаштарын отырғызды.
Судьялар осы арқылы туған елге тағзым етіп, қоршаған ортаның табиғатын аялауға үлес қосты. Талай тындырымды істің қасынан табылған сот қызметкерлері бұл жолы да табанды еңбек етті. Таң сәріден көшеге шыққан мамандар аулаларды абаттандырып, ағаш егіп, көпке үлгі бола білді. Игілікті бастамаға ардагерлер де жұмылдырылды. Олар жаңадан бой көтерген ғимараттың аумағын тазартып, қаланың жасыл қорын арттырды. Мұндай шаралардың табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті насихаттауға қосар маңыздылығы орасан.