Биыл Түркістан облысында күзгі ағаш отырғызу маусымы 3 қарашада басталды. Осы маусымда 500-ден аса түп көшет отырғызу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.


 Облыс әкімі елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бағытында жұмыстарды жандандыруды және күтімін күшейтуді тапсырды. Саладағы кемшіліктерге тоқталып, сын-ескертпелер айтты. Бүгінгі күнге дейін орман шаруашылығы мекемелері тарапынан 401 475 түп көшет босатылды. Ал аудан, қала әкімдіктері тарапынан шұңқырлар қазу, қоршау және суару жүйелерімен қамту жұмыстары 70 пайыз көлемінде атқарылып, 340 мың түп көшет отырғызылды. Президент тапсырмасына сәйкес, республика бойынша 5 жылда елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспары бекітілген. Іс-шара жоспарында облыстың елді мекендерін көгалдандыруға 1,1 млн көшет егу тапсырылған. Өткен жылы өңірде 2,7 млн көшет отырғызылып, жоспар артығымен орындалды. Биыл аудан, қалаларды көгалдандыруға 1 миллионнан астам көшет егу жоспарланып, оның ішінде 509 мың түп көктемгі маусымда отырғызылды.


 БОЛЫСБЕК ШӘРІПБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

Ағаш отырғызу барысы арнайы жұмысшы топтармен қадағалануда. Көшет отырғызу жұмыстары аяқталғаннан кейін, атқарылған жұмыстардың сапасын анықтау, қоршаулары мен суару жүйелерінің іске қосылуы бойынша қорытынды тексеру жүргізіледі.