Сенбі күні №7 қалалық емханада ашық есік күні өтті. Мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдерге ыңғайлы болуы үшін іс-шара демалыс уақытына жоспарланған. Тұрғындар емхана мамандарынан медициналық кеңес алып, денсаулық тексерісінен өтті.
Мұндағы мақсат - халық денсаулығын қадағалап, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру. Әр азаматқа сапалы, дер кезінде көмек көрсету. Ашық есік күні барысында бейінді мамандар тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Қажетті тексерістерден өткізіп, денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған кеңестерімен бөлісті
НҰРЛАН ЖАҢАБАЕВ, №7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
– «Бейінді мамандардың барлығы тексеріс жүргізіп жатыр. Инструменталды тексерістер де жүргізілу үстінде. Басты мақсат – халықтың денсаулығын жақсарту, нығайту.»
МАРХАБАТ КӨШІМБЕТОВА, №7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Бүгінгі іс-шарамыз халық денсаулығы – ана мен бала амандығы және оны қорғау. Ол бірінші орында.» «Сіздерді біздің емханаға келіп, тексерістен өтуге шақырмыз.»
Бүркітбай Пірназаровдың жүрегінде ақау бар. Есепте тұрады. Емхана жиі келіп, тексерістен өтеді. Дәрігерден кеңес алып, қадағалауында болады. Қала тұрғыны, мұндағы ақ халаттылар әрдайым жылы шырай танытып, көмек қолын созуға дайын тұрады. Алғысым шексіз, - дейді,
БҮРКІТБАЙ ПІРНАЗАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Есепте тұрамын. Көптен бері ауырамын. Келген сайын дәрігерлер жылы шырай танытып, жақсы көңіл-күймен қабылдайды.» «Осы жерде жұмыс істейтін барлық ұжым мүшелеріне алғысым шексіз. Көп рақмет!»
Ашық есік күні барысында дәрігерлік тексерістерден өтуге 500-ден аса қала тұрғыны келген. Дәрігерлер әрбір азаматты жеке-дара қабылдап, шағымына сәйкес жіті тексерді. Тиісті кеңестерін беріп, ем-дом шараларын ұсынды.