№7 қалалық емханада ашық есік күнімен қатар, ұжымдастар сенбілігі де өтті. Жалпы халықтық акция аясында ұйымдастырылған шараға ұжым мүшелері жұмылып, аула аумағын тазартты.


 Ақ халаттылар дәрігерлік саймандарды бір мезгіл тазалық құралдарына айырбастап, емхана аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Күл-қоқыс теріп, ауланың шаңын сыпырды. Тал-дарақ пен гүл көшеттеріне күтім көрсетті.


 НҰРЖАН ӨМІРБЕКҰЛЫ, №7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

– «Біздің барлық қызметкерлер сенбілікке қатысып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.» 


 Тәні саудың жаны сау. Ал мығым денсаулық қоршаған орта тазалығынан басталады дейді дәрігерлер. Сол үшін де олар бүгін көпке үлгі көрсетіп, аула аумағын абаттандырды.


 ГҮЛПАРКА ЕРГЕБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

- «Ашық есік күні, сенбілік ұйымдастырып жатыр. Емхана ұжымына дән ризамын. Олар ашық есік күні мен осындай сенбіліктерді жиі-жиі өткізіп тұрады.»