Рухани астанада жас ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр додасы Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
КСМ: Мүшәйраның мақсаты – жас ақындардың шығармашылық шеберлігін шыңдап, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен құрметті жыр арқылы суреттеу. Байқауға Түркістан облысына қарасты аудан-қалалардан 20-ға жуық жыр жүйрігі қатысты.
Жас ақындар екі кезең бойынша бақ сынады. I кезең – еркін тақырып, ал II кезең – Түркістанның 7 жылдық мерейтойына арналған өлең оқу. Поэзия тілін меңгерген шайырлар сезім сарайын сипап өтіп, жүректің жүгенсіз пернелерін басты. Рухани астанаға өлең арнап, тыңдарманға рухани қуат берді.
ҚАСИЕТ СЕЙІТЖАН, ЖАС АҚЫН
– «Ең алғаш 8-сыныптан бастап өлең жаза бастадым. Патриоттық тақырыптарға көбіне-көп қалам тербеймін.» «Түрленген Түркістан» байқауына келіп отырмыз. Орын алсам деген мақсатым бар.»
Сайыс қорытындысына сәйкес 1-орынды Азамат Әлібек жеңіп алды. Ал екінші орын Бауыржан Ерман мен Ердәулет Бұхарбаевқа бұйырды. Үздік үштікті Бекжұма Нарбай, Жалғас Әбдіхайыр мен Нұрмахан Жақыпбек түйіндеді.