Түркістанда іскер әйелдер бас қосты. Шара заманауи технология мен ұлттық құндылықтарды үйлестіріп, өңірдегі кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталды.
Форум Республика партиясының «ReWoman» жобасы аясында өткізіліп, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту әрі жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жайын қарастырды. Шараға Парламент депутаттары, партия өкілдері мен іскер әйелдер қатысты. Спикерлер кәсіпкерлікке инновациялық тәсілдер мен цифрлық трансформацияны енгізу тақырыбында маңызды мәселелерді талқылап, өз ойларын ортаға салды.