Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының өкілдерімен кездесіп, өңірдегі білім саласын дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Алдағы жоспарларды баяндап, негізгі басымдықтарға тоқталды.
«Қазақстан халқына» қоры арқылы облыс аумағында «Ауылды жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында «Қазақстан халқына» қоры есебінен 4 млрд. теңгеге 16 мектеп жабдықталып, жаңартылды. Кездесу барысында тірек мектептерде әдістемелік қолдау шараларын жүзеге асыру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, ауыл мектептерінің бірлестігін құру, интернет желісімен мектептерді толық қамтамасыз ету мен бірыңғай цифрлық кітапхана құру және Жол картасы аясындағы жұмыстарды жандандыру мәселелері талқыланды. Жиын соңында білім саласын дамыту бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Сондай-ақ барлық көтерілген ұсыныстар мен тапсырмалар бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.