Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылына шұғыл жетіп, өрттен қаза тапқан отбасының жақындарына көңіл айтты.
Аймақ басшысы аудандық ауруханада аман қалған тұрғындардың жағдайымен танысты. Сондай-ақ оқиға болған үйді қарап, тиісті салалық басшылар мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Облыс әкімдігі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына қажетті медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіп жатыр. Нұралхан Көшеров Президенттің тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылғанын хабарлады. Қазір оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталып, өрттің шығу себебі анықталуда.